29
апрель
2025
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
29.04 күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Сарымолдаев ауылдық округі
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР:
Ағымдағы оқу жылының аяқталуына байланысты 5-8; 10 сынып оқушыларының аралық емтихан мәселелері және 9-11 бітіруші сыныптарының мемлекеттік емтихан тапсырмалары. Оқу ісінің орынбасарлары: Елубаева Г. Т; Литвинова Е.С
Міндетті мектеп формасының талаптарын сақтау. Жаз мезгілінде оқушылардың мектеп жанындағы лагерьде үйірмелерге қамтылуы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Анисова
Балалардың қауіпсіздік шараларын қамтамассыз ету. (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу, түнгі мезгіл, мереке күндері т.б) директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Иманжанов А.С
Ағымдағы 2025-2026 оқу жылында білім алушыларды «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен және «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстыру. Мектептің әлеуметтік педагогы Жумалиева З.А
Мектеп қабырғасында өтілетін түрлі салтанатты шараларға ешбір қаражат жиналмауы және қосымша әртүрлі мәселелер бойынша: Мектеп директоры Н.С.Койшиманова
Бірінші мәселе бойынша Г.Т.Елубаева Үлгілік қағидаттарын бекіту туралы " ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18наурыздағы N125 бұйрығының 35-тармағына сәйкес 2024-2025 оқу жылында "Қазақ тілі ",Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен емтихан тапсырады. Емтихан тапсыру барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясы бекіткен әдістемелік ұсыным талаптары өзгеріссіз сақталады. Емтихан 22.05-28.05 аралығында өткізіледі.
Мақсаты: Білім алушылардың Қазақ тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау
Қыздардың мектеп формасы: Ақ кофта, қара, қара көк юбка, юбка тіземен бірдей келетін. Тізеден жоғары және төмен болмайтыны ескертілді. (Атлас, желбір, алды жырық т.б басқа келеңсіз үлгіде болмайтыны ескертілді.) Қара, қара көк түсті классикалық шалбар, классикалық ақ жейде, ақ кофта жағасы бар. (қысқы уақытта: трикотаж жилет,) Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Мектеп формасын таңдауда және оны күнделікті киюге білім алушыларға ыңғайлы болуы тиіс.
Мектеп инспекторы, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Иманжанов А оқушылардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуін, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға шомылу, өрт қауіпсіздігі, мереке күндері тауға, сауық орындарында жүрмеуін ескертті. Білім алушылардың сабаққа уақтылы келуі, сабаққа қатысуы бақылауда екенін түсіндірді. Жаз мезгілінде үйірмелерге қамтылудағы өмір қауіпсіздігін сақтауды, бақылауда ұстауын түсіндіріп өтті.
Бесінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Жумалиева түсіндірді. аталған отбасылар санатына қарай 2025-2026 оқу жылында есепке мектепішілік тізімге алынып, содан кейін аудандық білім беру бөліміне сұраныс жасала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсынылады. Биылғы жылдың ерекшелігі қаржылай көмек алған отбасы балалары, жекелеген санаттарына қарай тегін жіне жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен бірге, келесі оқу жылында асханаға АБК орнатылатын болады. Бұл дегеніміз әр оқушы алдын ала берілген карточкалар немесе QR- код арқылы тамақтанады.
Мектеп директоры жалпы жиналысты қорытындылай келіп, оқу жылында мектептің жетістіктерімен, атқарылған жұмыстармен, білім алушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты мәселелермен кеңінен тоқталып өтті. Сонымен бірге алдымыздағы мектеп формасына қойылатын талаптарды, жаз мезгілінде оқушылардың мектеп жанындағы лагерьде үйірмелерге қамтылуы, түнгі мезгілде үйден шығып Заң талаптарын бұзуына жол берілмеуін бақылауда ұстауын талап етті. Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітірушілер және ата-аналар ақша жиналмауын қатаң ескертті. Аттестатт тапсыру шарасында дастарқан ұйымдастыру, аниматор жалдау, тау бөктеріне қыдыру мейрамханадарда атап өтуге жол берілмейтінін ата-аналарға ескертіп өтті.










