05
май
2025
Ер жігіттер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы”



2025 жылдың 5 мамырында мектеп-лицейінде “Ер жігіттер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы” тақырыбында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған 10-сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Меркі ауданы Сыпатай Батыр шекаралық өтпе жол бекетінің майоры Сапаров Мұхтар қонақта болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамы туралы қызу талқылау жүргізілді.