09
июнь
2025
Біз бақытты баламыз
Достық-2025” жазғы лагерінің жоспарына сәйкес 9- маусым күні “Біз бақытты баламыз ” атты тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында жағымды көңіл күй қалыптастыру, бір-біріне жақсы тілектер айтуға, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру.«Жұлдыз», «Күншуақ», «Ақторсық», «Қыран», «Дружба», «Солнышка» топтары арасында үйірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Мұражайға саяхатта балалар көптеген құнды ақпараттар алды. Т.Рысқұловтың өмір баянымен танысты. Мұражайға саяхат барысында балалар көне заманның құнды жәдігерлерімен танысты. «Солнышко» және «Дружба» топтарында, балалар арасында велоспорт жарысы өткізілді. Бұл шара денсаулықты нығайту және спортқа қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа бастауыш оқушылары қатысты.
"Біз бақытты баламыз" - балаларға арналған тренингі оқушылардың эмоционалды , топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған . Оның барысында балалар бақыттың мәнін түсініп, өзара қарым – қатынас қатынастарын нығайтады.