"Керемет көңіл күй”
“Достық-2025” жазғы лагерінің жоспарына сәйкес 5- маусым күні “Керемет көңіл күй” атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында жағымды көңіл күй қалыптастыру, бір-біріне жақсы тілектер айтуға, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру.
Балаларды қабылдап алғаннан кейін сапқа тұрғызылып: Бой жазу жаттығулары жасатылып,балалар топтапына барып үйірмелерге қатысты.
Өткізілген тапсырмалар мен ойындар:
«Көңіл күй палитрасы»
Оқушыларға түрлі түстер ұсынылды. Әр оқушы өз көңіл күйіне сәйкес түсті таңдап, неліктен сол түсті таңдағанын түсіндірді.
«Жылы лебіздер» шеңбері
Барлық оқушы шеңберге тұрып, жанындағы оқушыға жақсы тілек немесе жағымды сөз айтты.
«Күлкі жұқтыру» ойыны
Бір оқушы күлкілі бет қимылдар жасап күлкілі сөз айтты, Күлген адам ойыннан шықты.
«Бақытты сәт» сурет байқауы
Оқушылар өздерін бақытты сезінетін сәттерін қағазға салып, кейін оны сыныптастарымен бөлісті.
«Музыкамен көңіл күй» тапсырмасы
Түрлі жанрдағы музыка қойылды. Әр оқушы музыкаға сай көңіл күй мен эмоцияны сипаттады
«Достық», «Бүркіт», «Болашақ», «Қызғалдақ», «Шаңырақ» топтарының арасында дойбы ойыны, асық ойындары өткізілді.
«Жұлдыз», «Күншуақ», «Бүркіт», «Ақ торсық», «Солнышко» топтарына «Табиғатпен тамаша жаз» тақырыбында ермексазбен және жапсырма қағаздар мен жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды:Үйірмелер қызықты және әсерлі өтті. Оқушылар белсене қатысып, әр түрлі тапсырмалар мен ойындар арқылы көңіл күйлерін көтеріп, өзара жағымды қарым-қатынас орнатты.Оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытып, достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, жағымды әсер алды.





