14
апрель
2025
Семинар
2025 жылы қаңтар айының 8-інде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Сабақты зерттеу- мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең тиімді тәсілі» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісу семинары болып өтті. Семинар мақсаты: Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету. Семинарға мектептегі ұстаздармен қоса сапалы білім беру округтері бойынша бекітілген № 33 жалпы орта білім беретін мектебінің педагогтері қатысты. Мектеп басшысы Н.Койшиманова сөз сөйлеп, сабақты зерттеудің ұстаз үшін маңыздылығына тоқталды.Семинар «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті !» деген ұранмен басталып, қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірін-бірі жүректерімен сезініп, күндей жарқырап, іс-әрекет барысында көтеріңкі көңіл күй күлкі сыйлаудан басталып, «Жүрек», «Күн», «Күлкі» тобы болып жұмыс жасады. Семинарды жүргізген жауапты Г.Тулекова мен Қ.Бектенбаева мектептегі жүргізіліп жатқан бірлескен іс-әрекетті зерттеуді таныстыра келе, қатысушыларға «Брейнрайтинг немесе 6-3-5» әдісі арқылы тапсырма берді.Үш топқа үш зерттеу тақырыбы беріліп, сабақтың ортасын құрастыруға тапсырма берілді. Зерттеу тақырыбына сәйкес тиімді әдіс-тәсілдер таңдап, жан-жақты талқылау жасалынды. Қорыта келе, сыныпты зерттей отырып, педагог өзінің кәсіби жетілетіндігін білді. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап, өз ұсыныстарын айтты.
