01
декабрь
2023
«Мектеп-лицей жағдайындағы экологиялық экспериментальды алаңдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинар
«Мектеп-лицей жағдайындағы экологиялық экспериментальды алаңдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинар ♻️2023 жылдың 30 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің эксперименттік тәжірибе жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Мектеп-лицей жағдайындағы экологиялық экспериментальды алаңдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинар өтті. Аталған семинардың мақсаты: Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, барлық білім беру деңгейінде экологиялық білімді насихаттау, экологиялық басымдықтары мен құндылықтары бар жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру. ♻️Семинардың күн тәртібімен және мақсатымен мектеп-лицей директоры – Койшиманова Нурила Сейсенбаевна келген қатысушыларға таныстырып өтті. Н.Койшиманова өз сөзінде жас ұрпаққа экологиялық білім беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірі, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасындағы балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе екенін айтып өтті. Келесі сөз кезегі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Орта білім институты Дидактика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми жетекші - Ш. Шуиншина аталған жобаның маңыздылығын түсіндіріп, жоба аясында нәтижеге жеткен республикалық жеңістермен бөлісті. Сонымен бірге бүгінгі семинарымыздың қонағы аудандық білім бөлімінің әдіскері Беркімбекова Бану Жеңісқызы семинарды ұйымдастырып жатқан әріптестерге жылы лебізін білдірді. ♻️Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С. Тыныштықбаева- мектеп-лицей жағдайындағы экологиялық іс-әрекеттер жайлы жұмысымен таныстырды. Педагог – эколог - Г.Сыдықова оқушылардың экологиялық қоғамын жалпы жұмыстарымен таныстырып, елімізде орын алып жатқан экологиялық проблема бойынша экоклуб мүшелерімен шағын қойылым көрсетті.Қосымша білім беру педагогтері- С. Бейбіт - «Birgemiz: Taza Alem» қоқыс өңдеу жобасының тиімді тұстарын айтып өтті, Ғ.Базарбай «STEM-жылыжай жобасы және биогумус тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті. ♻️Семинар соңында қатысушылар бүгінгі іс-шараның ұнағандығын айтып, алғыстарын білдірді.