26
сентябрь
2025
Директор жанындағы кеңес өтті
2025 жылдың 26 қыркүйегінде мектебімізде мектеп ұжымының қатысуымен маңызды мәселелерді қамтыған директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңес барысында келесі бағыттар талқыланды:
1️⃣ “0” білім кесіндісін жүргізу қорытындысы;
2️⃣ Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің оқытылу жағдайы;
3️⃣ Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері, оның ішінде 5–8 және 10-сыныптарда (орыс тілінде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы оқу жетістіктерінің мониторингісі мен аралық емтиханға дайындық барысы;
4️⃣ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу бағдарламаларына бейімделу жағдайы мен тексеру қорытындысы.
🔍 Кеңес барысында айтылған ұсыныстар мен талдаулар алдағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталатын болады.
📚 Білім сапасы – басты назарда!




