23
ноябрь
2018
«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 2018 жылдың 12-18 қараша аралығында «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» акциясының
Анықтамасы
Мақсаты: оқушыларға қатынасы ережелерін меңгерту; жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға; сақтыққа тәрбиелеу.
Осыған орай мектебімізде апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектеп инспекторы, АӘД жетекшісі балалардың жарық шағылыстыратын элементтерді (фликерлер) пайдалану қажеттілігіне ересектердің назарын аударуға бағытталған «Айқын бол!» насихат акциясын өткізді.
3 сынып жетекшілер жолдардағы қозғалыс кезінде балалармен жасөспірімдердің жеке қауіпсіздік құралы ретінде жарық шағылыстыратын құралдарды алып жүруді таратуға бағытталған «Қамқор ана» конкурсын ұйымдастырды.
1-7 сынып жетекшілер «Сіздің жолаушыңыз-бала!» тақырыбында насихаттық іс-шаралар, ата-аналар жиналыстарын өткізді.
Даярлық және 4 сынып жетекшілер «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» тақырыбында акция өткізді.