09
апрель
2026
Мен өмірді сүйемін...
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 8–10 сынып оқушылары арасында өмірдегі қиыншылықтарды жеңіуге болатынын, адамға өмір бір-ақ рет берілетінін түсіндіру мақсатында
«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында эссе жазу жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге өмірдің құндылығын түсіндіру, қиындықтарға төтеп бере білуге үйрету, сондай-ақ олардың бойында өмірге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірдің мәні, адам бақыты, армандар мен мақсаттар туралы толғаныстарымен бөлісті. Көптеген жұмыстарда оқушылар өмірдің әр сәтін бағалау, жақын жандарға қамқор болу, қиындықтарға мойымау сияқты маңызды ойларды атап өтті.
Эссе жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, өзіндік пікір білдіру дағдылары қалыптасты. Сонымен қатар, бұл жұмыс олардың психологиялық көңіл-күйіне оң әсерін тигізіп, өмірге деген позитивті көзқарастарын нығайтуға ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Мен өмірді сүйемін» тақырыбындағы эссе жұмыстары жасөспірімдер арасында өмірдің қадірін түсіндіруге, олардың рухани дамуына және салауатты өмірлік ұстаным қалыптастыруға маңызды үлес қосты.