18
январь
2021
«Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары Меркі ауданына танымал хирург-уролог, трансфузиолог, жоғарғы дәрежелі дәрігер, «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» дәрігермен кездесуінің анықтамасы
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін «Ақ халатты абзал жандар» ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап өмірге деген құлшынысымызды арттырады. Сол себепті Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары 2021 жылдың 15 қаңтарда Меркі ауданының жоғарғы дәрежелі дәрігері, хирург-урологы, трансфузиологы Дургалов Сабит Баталовичмен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды. Сабит Баталович оқушыларға ине мен пышақты өміріне серік еткені туралы, және де осы уақытқа дейін бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысын алғаны туралы, аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні туралы айтып, болашақта дәрігер мамандығын таңдаған оқушыларға өз білімдерін жетік меңгерулерін айтып өтті. Онлайн кездесу кезінде оқушылар өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, олардың медицинаға арнаған өмірлері жайлы ой-пікірлерін сұрады. Дәрігер жұмысы ең мәрбелі және қайрымды жұмыс екеніне тағы бір көз жеткізді.