15
март
2021
"Бауырсақ пати"
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде бүгін, 15. 03 күні 5-сыныптар арасында "Бауырсақ пати" байқауы өткізілді. Әр сынып өз ата-аналарымен бірге мерекеге пісіріп келген,әр түрлі формадағы бауырсақтарымен таныстырды. "Ши" бауырсақ, "Арғын" бауырсақ, "Қызылкүрең" бауырсақ, "Өрме" бауырсақ т.б түрлері пісіріліп келіп, қалай дайындалғаны жайлы әңгімеледі. Бауырсақ- Наурыз, Айт мерекесінде дастарханның сәні. Ас атасы- нан деп бекер айтылмаса керек.