09
апрель
2019
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген іс-шаралар
Наурыз Жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі, жаңа күн басталады. 22 наурыз – бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Оны қазақ халқы ертеден тойлап келеді.
13 наурыз күні «Көрісу» күні – Амандық –саулық сұрасып, үлкен-кіші қыстан аман-есен шығып, әз Наурызға аман-есен жеткеніне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектер айтатын күн. Осыған орай, «Көрісу» күніне кездесу өткізіліп, «Туған жер» әніне мектеп оқушылар флешмоб биін биледі. «Амал» мерекесіне орай 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттар өткізілді. «Наурыз-нұрлы жол басы» сурет көрмесі өткізілсе, кітапханашылар «Наурыз мерекесі -бейбітшілік пен игілік мейрамы» тақырыбында кітап көрмесін жасады.
15 наурыз «Тағзым» күні- қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келді деп есептелген. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз үшін ата бабалар рухына тағзым ету маңызды. Сынып жетекшілер оқушыларымен бірге ардагерлер үйіне барып көктемнің келуімен құттықтап, көмек көрсетті.
«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні», «Жүйрік болсаң оза шап» тақырыбында ұлттық ойындар, жарыстар өткізілді. Технология пәні мұғалімдері «Шуақты Наурыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 1-11 сынып жетекшілер ата-аналардың қатысуымен «Төрлет, төл мереке әз Наурыз», «Береке,Бірлік, Ынтымақ,» тақырыбыда тәрбие сағаттарын өткізді.
20 наурыз «Наурыз тойы басталды» мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекеге Спорт және туризм саласының жетекшісі Османов Айваз Магадиұлы, Сарымолдаев Ауылдық округінің депутаты Хероев Азиз Яшаұлы, Ақсақалдар төрағасы Жылысбаев Байсеит аға, Ауыл ақсақалдары, зейнеткерлер, «Шебер», «Әби ата», «Мақпал» дүкендерінің қожайындары қонаққа келді. Мектеп диркторы Б.Т.Қыстауов келген қонақтарды, ұстаздар мен оқушыларды ұлыстың наурыз мерекесімен құттықтады. Оқушылар қазақ халқының «Беташар», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетіп, мерекеге арналған ән-билерін орындады.