«Мектеп жол» акциясының анықтамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 4 тамыздағы №03-4467 хатына, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 956 хатына сәйкес, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқущшыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.
Адам баласы шамасы келсе,ізгілік істер мен қайырымдылық жасау керек. Адамның өз қолынан жасалған қайырымдылық,ізгі істің бәрі де оның ақыл ойымен жүрек жылуының көрінісін көрсетеді. Қоршаған ортада бірге жүрген жандардың қайғысымен бөлісіп, қиындығына ортақтасу тек қана қайырымды жандардың қолынан келеді. Жақсылық жасай білетін адамның жан дүниесі таза болады. Біздің мектебімізде де жан дүниесі таза, қайырымды жандар көптеп кездеседі. Осындай қайырымды жандардың көмегімен жиналған 300000 (үш жүз мың) теңгеге мектебіміздің 30 оқушысына мектепке қажетті құралдар, мектеп формалары, аяқ киімдер, сөмкелер алып берілді. Мектеп оқушыларын мектепке даярлауда көмек қолдарын созған жеке кәсіпкерлер Сулаев Султан, Мавлюдов Рустам, Хелаев Рустам, Қыстауов Рахат, Гайдаров Айваз ағаларымызға ата- аналар және мектеп ұжымы атынан айтар алғысымыз шексіз.