«Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясына Анықтама
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде өткізілген «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясына
Анықтама
Облыстық білім басқамасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021жылғы 2 тамыздағы № 3-15-2/3018-И хаты, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 03-4467 хатына сәйкес, Владимир Савва атындағы № 9жалпы білім беретін мектеп - лицейінде дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа қайырымдылық көмек көрсету.
Мектебімізде «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді. Тамыз айында әлеуметтік педагогтар аз қамтылған, көпбалалы отбасының балалары мен қамқоршылықтағы оқушылардың мәліметтер банкін жасады. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының тізімін жинақтап аудандық білім бөліміне өткізілді. Аталған отбасы балаларына жалпы білім беру қорынан әр балаға 32500(отыз екі мың бес жүз) теңге бөлінді. Осы қаржыға ата-аналар балаларына мектеп формасын, аяқ киім, спорттық киім мен кеңсе тауарларын алып берді.
Мектепте жаңа оқу жылы басында 1630 бала біліммен қамтылды. Акция ұйымдастырылған түрде жоспарға сай өткізілді, акцияның өту барысы туралы ақпарат жергілікті БАҚ және сайттарда орналастырылды. Әр онкүндіктің есебі аудандық білім беру бөліміне жолданды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету мақсатында ықтимал меценаттардың деректері банкісі құрылып,олармен әріптестік қарым-қатынас орнатылып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға жәрдем сұрау туралы мөлтек ауданымыздағы жеке кәсіпкерлерге қатынас хат жіберілді. Осы демеушілердің көмегімен мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан шыққан 43 балаға 720000 (жеті жүз жиырма мың ) көлемінде көмек көрсетілді.
Адам баласы шамасы келсе,ізгілік істер мен қайырымдылық жасау керек. Адамның өз қолынан жасалған қайырымдылық,ізгі істің бәріде оның ақыл ойымен жүрек жылуының көрініс көрсетеді. Қоршаған ортада бірге жүрген жандардың қайғысымен бөлісіп, қиындығына ортақтасу тек қана қайырымды жандардың қолынан келеді. Жақсылық жасай білетін адамның жан дүниесі таза болады.Біздің мектебімізде де жан дүниесі таза, қайырымды жандар көптеп кездеседі. Атап айтсақ, мектеп директоры Б.Кыстауов пен мектеп ұжымы көпбалалы отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға концеляриялық тауарлар, киім-кешек, аяқ киім алып берілді. «Қайраты жоқ көлден без,қайырымы жоқ елден без» демекші, мектебімізде орналасқан Сарымолдаев мөлтек ауданында қайырымды кәсіпкерлеріміз Сулаев Султан, Мавлюдов Рустам, Хелаев Рустам, Қыстауов Рахат, Гайдаров Айваз ағаларымызға және ерекше алғыс «Қуаныш» дүкенінің иесі Кушанова Перизат ханымға, сонымен бірге ұжымдағы қайырымдылық көрсеткен ұстаздарымызға мектеп әкімшілігі атынан айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да «Мектепке жол» акциясы өз жұмысын жыл бойы жалғастырмақ.