11
декабрь
2018
«IQanat» олимпиадасы
[/center]«IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді.
2018жылдың 10 желтоқсан күні Жамбыл облысы Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстандық және халықаралық ЖОО-ларға түсу мүмкіндігін теңдей беру үшін ауыл мектептері оқушыларын қолдау мақсатында 9 сынып оқушыларына арналған Республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ашылу салтанатына «IQanat» білім қорының Жамбыл облысы филиалының координаторы Нартаева Толқын Утеулиевна, «IQanat» білім қорының Жамбыл облысы филиалының мамандары Жанысбаева Меруерт Бақытжанқызы, Сәтбек Гүлназ Болатқызы, Алдыкеева Гүлназ Махамбетқұлқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы қатысып, оқушыларға олимпиада барысында білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетулеріне сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізуге аудандық білім бөлімінің әдіскері Байтулекова Жанара Болатовна және мектеп-лицейі директоры Қыстауов Болатбек Таңірбергенұлы зор үлес қосты. Аудан мектептерінен олимпиадаға 342 оқушы қатысып, математика, физика, ағылшын тілі пәндерінен түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, қазақ әдебиеті мен орыс әдебиеті пәндері бойынша эссе жазып бақтарын сынады. «IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсететініне сенеміз.
[center]