«П.В.Х. материалын пайдаланып, көлік құралын және ұшатын көліктердің бөлшектерін дайындау» шебер-сынып
«П.В.Х. материалын пайдаланып, көлік құралын және ұшатын көліктердің бөлшектерін дайындау» тақырыбында шебер-сынып Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2025 жылдың 12 қарашасында үйірме жұмысының онкүндігі аясында 8-9 сынып білім алушылардың техникалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру және қол еңбегіне деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «П.В.Х. материалын пайдаланып, көлік құралын және ұшатын көліктердің бөлшектерін дайындау» тақырыбында шебер-сынып өткізілді.
Шебер-сынып барысында оқушыларға П.В.Х. материалының қасиеттері, оның беріктігі мен өңдеу тәсілдері туралы теориялық мәлімет берілді. Мұғалім оқушыларға көлік және ұшатын құралдардың негізгі бөлшектерін модельдеу мен құрастырудың кезеңдерін көрсетті.
Оқушылар өз қолдарымен көлік құралдарының шағын макеттерін және ұшатын аппараттардың қарапайым бөлшектерін жасап, шығармашылық және инженерлік қабілеттерін танытты. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі ережелері сақталып, топтық және жеке жұмыстар тиімді ұйымдастырылды.
Шебер-сынып соңында қатысушылардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылды.
Үйірме жетекшісі: Е.Оразбеков.
