22
апрель
2021
«Кітап және қаламгер» атты автормен кездесу
«Кітап және қаламгер» атты автормен кездесу
22 сәуір күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, профессор, жазушы-журналист Меңдібай Әбілұлының қатысуымен #9 мектеп-лицейінде қазақ тілі және тарих пәні мұғалімдерімен, жоғарғы сынып оқушыларымен "Рухани жаңғыру және балалар әдебиетінің тарихы" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Қонағымыз бабалар әдебиетінің зерттеушісі, балаларға арналған “Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті” атты хрестоматиялық оқу құралы,Сақ дәуіріндегі қазақ әдебиеті, “Ежелгі дәуірдегі балаларға арналған көне эпостар” ” Қазақ хандығы дәуіріндегі балалар әдебиеті (ХV-ХVІІІ ғасырлар)” сынды бірнеше жинақтардың авторы. Автор өзінің жазушылық жолға жалпы қалай келгенін, соның ішінде балалар әдебиеті жанрында шығармалар жазуға не ықпал еткені жайлы әсерлі әңгімелерімен оқушыларымызбен бөлісті.
Сонымен қатар, Меңдібай Әбілұлы ауыз әдебиетінің қисса,дастан, жазба айтыс сынды түрлеріне тоқталып, олардың өзара ерекшеліктері жайлы балаларға терең мағлұмат берді. Оқушылар жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Ғалым ағамыз өз тәжірибесіне сүйене отырып балаларға кітап оқудың маңыздылығы, оның жетістікке жетудегі және рухани дамудағы ролі, ізденімпаздылық, рухани құндылықтарды бағалау жайлы айтып өз сөзін қорытындылады.