18
май
2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы
Қазақстан Республикасы |
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып үшін
"Сауат ашу (оқу, жазу)" пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.04.2016 № 266 (01.09.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 2-қосымша |
РҚАО-ның ескертпесі!
Оқу бағдарламаны алып тастау көзделген - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.04.2016 № 266 (01.09.2017 бастап 2-сыныптар үшін, 01.09.2018 бастап 3-сыныптар үшін, 01.09.2019 бастап 4-сыныптар үшін қолданысқаенгізіледі) бұйрығымен.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін "Қазақ
тілі" пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндеттістандартына сәйкес әзірленген.
2. Қазақ тілі – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
3. Пәнді оқытудың жалпы мақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
4. Бастауыш мектептегі "Қазақ тілі" пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
5. Басты міндеттері:
1) оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;
2) тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;
3) ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
4) тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;
5) алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
6) оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
6. Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу бағдарламасында материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта берілді. Бағдарламаның мұндай құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк-iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді. Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы арқылы оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.
7. "Қазақ тілі" пәнінің оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: "Тіл және сөйлеу", "Дыбыс және әріп", "Мәтін", "Сөйлем", "Сөз және оның мағынасы", "Сөз құрамы", "Сөз таптары".
8. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2–4-сыныптар барлығы 136 сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан).
9. 2–4-сыныптарда тіл пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты үнемі ескеріп отыру керек. Тіл пәнінің басқа пәндермен байланысы туралы айтқанда, ең алдымен, тақырыптық байланыстарға назар аударған жөн. Тақырыптық байланыстың негізіне пәндер, құбылыстар, фактілер туралы оқытудың міндеттері мен шарттарына байланысты әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады (барлық сыныпта да осылай және олар сыныбы өскен сайын біртіндеп күрделене түседі). Қазақ тілін оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
10. Әдебиеттік оқу пәнімен:
1) қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты пайдалануда;
2) ақын-жазушылардың суреттерін көрсету, олар туралы мәлімет беруде;
3) мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда;
4) мәтіннің авторы туралы мәліметтер, не оның мазмұнын жалғастыруды қажет ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде;
5) тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және балалардың жас ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда.
11. Математика пәнімен:
1) сан атауларын пайдалануда;
2) жұмбақ-есептерді пайдалануда;
3) сөз мағыналарын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда;
4) заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда.
12. Дүниетану пәнімен:
1) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыру, олар жайында түсінік беруде;
2) жаттығу мәтіндері арқылы жануарлар, өсімдіктер, т.б. туралы түсініктерін кеңейтуде;
3) табиғат құбылыстарымен таныстыруда;
4) туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда;
5) қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы ұғымдардың кеңейтілуінде, оларға сипаттама беруде;
6) еліміздің мәдениеті, ғылымы, шаруашылығы туралы түсінік беруде.
13. Музыка пәнімен:
1) өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда;
2) музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда.
14. Бейнелеу өнері пәнімен:
1) жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда;
2) әр алуан суреттерді, портреттерді пайдалануда;
3) белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде;
4) сюжетті сурет бойынша мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда.
15. Дене шынықтыру пәнімен:
1) сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда;
2) оқыту барысында "дене шынықтыру минутын", қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда.
16. Еңбекке баулу пәнімен:
1) қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда;
2) шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда.
2. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
17. Тіл және сөйлеу (2 сағат):
1) сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі;
2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
18. Дыбыс және әріп (24 сағат):
1) у дыбысы. Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі. У әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген у әрпінің алдында ү, ұ дыбыстары естілгенімен, жазылғанда олардың орнына у-дың өзі ғана жазылатыны;
2) дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатыны;
3) и дыбысы. И-дің дауысты, ал й - дауыссыз дыбыс дыбыс екені. И-дің бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;
4) я, ю әріптерінің жазылуы;
5) дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні;
6) б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;
7) қ, ғ және к, г дыбыстары. Қ, к дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауысты ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;
8) л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;
9) н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі.
19. Мәтін (7 сағат):
1) мәтін туралы түсінік. Жеке сөйлемдерден мәтіннің өзгешелігі. Мәтіннің тақырыбы және ондағы негізгі ойды анықтау. Мәтіннің мазмұнына сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою;
2) мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, мәтіннің бөліктері (басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытынды)) туралы ұғым қалыптастыру. Мәтіндегі азат жолдың рөлін аңғарту;
3) мәтіндегі сөйлемдердің байланысы. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру. Әр алуан мәтін түрлерін аңғарту: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;
4) заттардың негізгі бөліктерін байқату: таныс заттарды көрсетіп, олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу. Берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;
5) берілген жоспар бойынша мазмұндама жазу. Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер т.б. бойынша мәтін құру.
20. Сөйлем (14 сағат):
1) сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің мәтіннен өзгешелігі. Тұтас мәтінді сөйлемдерге бөлу: берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажырату;
2) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату;
3) сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау, леп белгісі);
4) сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;
5) сөздердің орналасу тәртібін ескере отырып, сөздерден сөйлем құрау. Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді етіп құру). Үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу. Дұрыс құрылмаған сөйлемді түзеп, қайта жазу.
21. Сөз және оның мағынасы (6 сағат):
1) сөз және оның мағынасы туралы түсінік;
2) мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (терминдер айтылмайды);
3) сөздердің қолдану ерекшелігі;
4) мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білу.
22. Сөз құрамы (12 сағат):
1) сөздің түбірі мен қосымшасы туралы алғашқы түсінік;
2) түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы;
3) қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. Олардың әрқайсысының өзіндік белгілері.
23. Сөз таптары (35 сағат):