05
октябрь
2021
«VІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы
5 қазан 2021 жылы Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Тараз инновациялық университетінің ұйымдастыруымен «Шерхантану» ғылыми – зерттеу орталығы зау тұлға Шерхан Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отырған аудандық «VІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы өткізілді. Байқау 4 бағыт негізінде жүзеге асты. Байқауға мектебімізден «Жұлдызы нұрлы суреткер» бағыты бойынша Амир Мөлдір, «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Иса Аяжан, 10-сынып оқушысы Жақсылық Диана, «Менің Шерағам» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Сейлханова Нұржанат қатысты. Нәтижесінде Иса Аяжан алғыс хатпен, Сейлханова Нұржанат ІІІ дәрежелі, Жақсылық Диана ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.