15
октябрь
2021
"Жас келсе іске..."
Жас маманның кәсіби қабілетіне және құзіреттілігіне байланысты жаңашыл ұстаз дағдыланады. Ал жаңашыл ұстаз - ол заман талабы. Заман талабының негізгі мақсаты: еліміздің өркендеп, беделді елдермен терезесін теңестіру. Бұл мақсаттың жүзеге асып, өз жемісін көру үшін жастар аянбай еңбек етуі қажет. Себебі жастар - Қазақстанның болашағы. Осы орайда, 15 қазан 2021 жылы Оқушылар "Үміт" сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан мектептерінің жас ұстаздары арасында "Жас келсе іске..." байқауы өткізілді. Нәтижесінде, Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ұстазы Мәндібет Гулсезім Нұржанқызы жүлделі 2-орын иеленді.