15
октябрь
2021
Спартакиададан 1 жүлделі орынды иеленді
Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Ағымдағы жылдың 15 қазанында Жамбыл облысы, Меркі ауданында мектептер арасында спорттық спартакиада өтті. Аталған шарада Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің құрамасы оқушылар арасындағы спартакиададан 1 жүлделі орынды иеленді.