Қамқоршылық кеңес отырысы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім білім беретін мектеп - лицейі
Қамқоршылық кеңес отырысы
Хаттама (кезектен тыс) (көшірмесі)
Сарымолдаев ауылы 08.08.2022ж
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері, кеңес хатшысы
Қатыспағаны: жоқ.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
- Әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың тізімін анықтау, санаттары бойынша топтау;
- «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуы;
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогі З.Жумалиева сөз алды: Зерделеу барысында аз қамтылған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, көпбалалы отбасыларының үйлеріне барып, қандай көмек керек екенін анықтадық.
2022-2023 оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету үшін мектептің әлеуметтік педагогтары З.Жумалиева, И.Музарапова қамқоршылық кеңес мүшесі Музарапов Бахтияр Юлдашевич сынып жетекшілерімен зерделеу жүргіздік.Зерделеу барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған 26отбасы – 62бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 1отбасы-1 бала, атаулы көмек алатын 68 отбасы - 157бала, Әлеуметтік жағдайы көрсетілген тізім кеңес мүшелерінің назарына барлығы -220 бала ұсынылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын басшылыққа ала отырып түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өтініштері қабылданып, алқалық органының шешімімен бекітілді.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2022 жылғы 27 шілдедегі №03-2009 хатына сәйкес «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 тамыз аралығында «Мектепке жол- Шекарасыз жақсылық!» атты ұранымен «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр
Қаулы етті:
- Қамқоршылық кеңес мүшелері өздеріне тиісті міндеттерін атқарып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізсін.
- «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға берілген көмектің үлестірілуін кеңес мүшелері қадағаласын.
- Қайырымдылық акцияларына ауыл азаматтарын, демеушілерді тарту жұмыстары жандандырылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Музарапов Б.
Мүшелері: Рыжова М.
Омарова Д.
Мырзахметова Н.
Жунисова Н.
Данчаева А.
Гайдаров А.
Абдирова С.
Сахаватова В.
Кеңес хатшысы: Ж.Иманбаева