15
февраль
2021
Жеңімпаздар марапатталды
Тұңғыш президентіміз Н. Ә.Назарбаев «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзіне орай, мектебімізде дарынды балаларды қолдау маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.Ағымдағы жылдың 8-11 ақпан аралығында дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілген мектеп оқушыларының Республикалық пән олимпиадасының ІІаудандық кезеңіне мектебімізден 35оқушы қатысып,соның ішінде 20 оқушымыз ІІ-ІІІ орындарды иеленсе, 5 оқушымыз І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: Сейтқазиева Ақерке –география пәнінен, Жақсылық Данияр- информатика, Жетпісбай Даниат- құқық негіздері, Музарапов Рамазан- химия, Отарбай Ғазиз- математика пәндерінен. Мектебімізде 2021жылдың 15 ақпан күні пән олимпиадасының жулдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.Салтанатты жиынға оқушылар, пән мұғалімдері және І орын алған оқушылардың ата-аналары Музарапов Б.Ю, Қыстауова Р.Т, Жетпісбай Ж, Сейтказиева А, Жазбакова Д қатысты. Ата-аналарды мектеп өміріне белсенділігін арттыру, ата-ана - оқушы - мұғалім үштік одағының ынтымақтастығын нығайту мектебіміздің дәстүріне айналған. Жеңімпаздарымызға облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз.