№158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
Мектептің педагогикалық кеңесінің 29.08.2021 жылғы тізіммен бекітілген көпбалалы және әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 221 (екі жүз жиырма бір) білім алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес мектеп асханасында 2022 жылдың ақпан айында 2 ауысымда бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.
Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс –шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттары мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2121 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Аталған шектеу іс –шараларына кезеңінде мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуын анықтау мақсатында 2022 жылдың 25 ақпанында мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия мүшелері: төраға, мектеп директоры Б.Қыстауов, мүшелері: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Литвинова, ата-аналар комитетінің төрайымы М.Рыжова, ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Э.Қоразова, мектептің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Е.Исаев, медициналық қызметкер Қ.Тилеубаева мен әлеуметтік педагог З.Жумалиева мектеп асханасына тексеріс (мониторинг) жүргізді.
Мониторинг барысында асхана тазалығы, аспазшылардың тазалығы, жеке гигиеналықты сақтауда арнайы киіммен жұмыс атқару, ас мәзірінің сәйкестігі, дайындалған тағамның нормасы, сапасы, асхананың сыйымдылығы, тиімді тамақтануға арналған арнайы стендтер, оларға ілінген материалдардың мазмұны, мәтіні, кезекшілік кестелері, сонымен қатар ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар мен балалардың қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерінің көзделінуі, олардың көрінетін және қолжетімді жерлерге орналастырылуы, асханада пайдалануға, сатуға тыйым салынған заттардың сатылмауы тексерілді.
Іс-шара барысында мектептің медициналық қызметкері А.Атамуратова тарапынан аспазшылардың денсаулығы, арнай киімде қызмет жасауы, дайындалған тағамдардың салмағы, тағамдардың сақталу жағдайы, тағам дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, комиссия тарапынан асхананың жалпы санитарлық тазалығы, жауапты мамандардың кезекшілік және білім алушылардың тамақтану кестелері тексеріліп, кемшіліктер анықталмады.