Мектеп асханасының қызметі
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп –лицейі
Мектеп асханасының қызметі
Қазан айында ата-аналардан мектеп асханадағы тегін және ақылы тамақтың сапасы, жалпы асхана қызметіне байланысты сауалнама алынды.
Сауалнаманың мақсаты: ата-аналардың тамақтың сапасына, жалпы асхана қызметіне көзқарасын анықтау.
Сауалнамаға 98 ата-ана қатысты. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді. Сауалнаманың бірінші, яғни «Тамақтың сапасына қанағаттанасыз ба ?» деген сауалға ата-аналардың 95,8 пайызы «иә» деп жауап берсе, екінші сауалға ата-аналар мен оқушылар 100 пайыз «күнделікті» деп жауап жазған. Соңғы «Асхананы жақсарту үшін сіздің ұсыныстарыңыз » деген сауалына ата-аналар ешқандай ұсыныс жазбаған.
Жалпы сауалнаманың сұрақтарына ата-аналар «қанағаттанарлық» немесе «жеке ұсынысым бар» деген сияқты жауаптар жазған жоқ.