Мектептің бракераждық комиссия мүшелері 12.11 күні ыстық тамақтың берілу жағдайы бойынша тексеру жүргізді.
Мектептің бракераждық комиссия мүшелері 12.11 күні ыстық тамақтың берілу жағдайы бойынша тексеру жүргізді.
Мектебімізде 2021-2022 оқу жылының ІІ тоқсанының басталуына байланысты тегін ыстық тамақпен қамтылған 221 оқушыға мектеп асханасында 08.11 күннен бастап тамақ беру жалғастырылды. 12.11 күні мектептің бракераждық комиссия мүшелері ыстық тамақтың берілу жағдайы бойынша тексеру жүргізді. Асханада мектеп директоры Б.Қыстауов бекіткен ас мәзірі ілінген. Ас мәзірі бойынша таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын мектеп медбикесі А.Атамуратова алып, тексеріп, қақпағы жабылатын шыны ыдыстарға сақтап қойған. Тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері тағамдардың нормаға сай беріліп отырғандығын және мектеп асханасы санитарлық талапқа сай екендігін растады.