АНЫҚТАМАСЫ » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
24
сентябрь
2021

АНЫҚТАМАСЫ

Владимир Савва атындағы №9  жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды

АНЫҚТАМАСЫ

2021-2022 оқу жылы 

            Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейінде  мектепішілік бракераждық комиссиясының мүшелері  оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді. 

         Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:

  Асхана санитарлық нормаға  сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. 

         Тексеру нәтижесінде  бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына  бақылау жүргізілген. Ыстық тағам ас мәзіріне сәйкес дайындалған.

Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикі заттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған.  Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.

Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайдығ қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың  атауы, әрдайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған.

Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылған) шыны ыдысқа салған. Тоңазытқыштағы температура +3С көрсетіп тұр.

Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.

Шешімі: 

  1. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
  2. Медициналық қызметкер Қ.Тилеубаева тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив