13
апрель
2026
« Заң және жасөспірім: құқықтар мен міндеттер»
2026 жылдың 13 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі мекемесінде 8-9-сынып оқушыларымен « Заң және жасөспірім: құқықтар мен міндеттер» тақырыбында маңызды профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу болды. Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғаны белгілі. Кездесуге мектеп директоры Н.С. Койшиманова және Меркі аудандық полиция бөлімі ЖПҚб ЮПТ полиция аға лейтенанты А. Маңызқызы қатысты.
