26
декабрь
2025
"ТУУ тапсыру рәсімі"
2025 жылдың 26 желтоқсан күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде 8-сынып оқушыларынан құралған «Жас сақшы» сыныбына салтанатты Ту тапсыру рәсімі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, отансүйгіштікке тәрбиелеу және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау қағидаттарын нығайту.
Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, Меркі ауданы полиция бөлімінің басшылығы, аудандық білім бөлімінің өкілдері, мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, ата-аналар қауымдастығы және оқушылар қатысты. Қайсар Әбілекұлы жас сақшыларды құттықтап, «Жас сақшы» сыныбының қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.





