БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” бағдарламасы аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет» тақырыбында прокурор сағаты
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «ДОС БОЛ LIKE» акциясы аясында 2024 жылдың 8 қарашасында 9-11 сынып оқушыларымен ” Құқық бұзушылықтың алдын алу -басты міндет» прокурор сағаты өтті. Бұл кездесуге Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Х. Әжімбеков, Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері С. Метеркулова, Меркі АПБ-нің КТІЖІ учаскелік полиция инспекторы Мұхтар.Т, мектеп әкімшілігі қатысты. Прокурор сағатында Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әжімбеков Хиса Жексенұлы балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігі жөнінде, кәмелетке толмағандардың арасында оларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуы, зорлық- зомбылықтың, буллинг фактілерін болдырмау, өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

