17
октябрь
2024
«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында кездесу
2024 жылдың 15 қазанында Меркі АПБ-нің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Б.Майнаусов, КТІЖІ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Т.Мұхтар Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру.