23
апрель
2024
«Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу»
2024 жылдың 22 сәуір күні Меркі АПБ-нің КТІЖІ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Г .Б. Ерішбай Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп инспекторы білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу туралы айтып өтті. Әңгіме барысында оқушылар инспекторды зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.