кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу
Анықтама
2024 жылдың 24 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Меркі АПБ ЖПҚб бастығы подполковнигі А.Майнаусов , Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Д. Омарова, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты Н.Бейсен 9-11 сыныптар арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері видео роликтер көрсете отырып кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта яғни сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрсе әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін түсіндірді. Меркі АПБ ЖПҚб бастығы подполковник А.Майнаусов мектеп бітірушілерге алдағы соңғы қоңырау мерекесі, аттестат тапсыру рәсімдерінен кейін автокөлікпен қыдыру, тау бөктеріне шығу, мейрамханаларда атап өтуге рұқсат жоқ екендігін айтып, ата-аналарына айыппұл салынатындығын ескертті. Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Д. Омарова жазғы демалыс кездерінде оқушыларға кибербуллинг-буллинг туралы, гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған оқушыларға рұқсат жоқ екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері оқушыларды Ата Заңымызды құрметтеп, мектептің ішкі тәртібіне бағынып, тәрбиелі болуға және сапалы білім алуға шақырады.