Халықаралық еріктілер күніне орай мектебімізде экологиялық бағыттағы
Бүгін 5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күніне орай мектебімізде экологиялық бағыттағы ауқымды шара өткізілді. Шараны мектептің экоклубы, эковолонтёрлері және экомедиалаб мүшелері бірлесіп ұйымдастырып, оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын кеңінен түсіндірді. Іс-шара барысында жас экологтар бейнежобалар таныстырып, экосана қалыптастыруға бағытталған ойындар мен ақпараттық алаңдар ұйымдастырды. Қатысушылар қоршаған ортаны сақтау жолдары, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, мектеп ішіндегі