21
апрель
2025
“ProEco” экологиялық ғылыми жобалар байқауы

Экологиялық бағытта ұйымдастырылған “ProEco” экологиялық ғылыми жобалар байқауында оқушымыз облыстық кезеңнен жүлдемен оралды!🔰 “Таза қала сізден басталады” бағытында 6 сынып оқушысы Сейдуали Мақпал Мелисқызы ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Химия пәнінің мұғалімі, педагог-эколог Сыдықова Гүлім Дүкенбайқызы
🌍Жоба тақырыбы: “Green Guard су тазалығындағы ақылды көмекші” робот құрылғысы
🌍Жобаның мақсаты: Робот құрылғы су тазалығын автоматты жүйе арқылы тазалауды жүзеге асырады
🔊Бір қызығы робот құрылғыны жасауға қарапайым қоқыс қалдықтарын қолданған.
🏆 Мақпал сізді шын жүректен құттықтаймыз! Экологиялық байқауларда жеңісің көп болсын. Елімізді көркейтудегі үлесіңіз одан әрі арта берсін! ♻️🌍🌱