Мамандармен кездесу
04.10.2024 жылы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде «Мамандықты таңдау – болашақтағы жетістігің кепілі» тақырыбы бойынша Көкшетау қаласындағы «Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» бойынша Меркі ауданы мамандарымен кездесу болды.
Мақсаты: Мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру.
Кездесу барысында, Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Р.Аманшаев, және Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы азаматтық қорғау капитаны Н.Жармұхамбет бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша бағыт – бағдар беріліп, шарттары айтылды.
Жауапты: КББ педагогтары Н.Абаева
Ж.Иманбаева

