05
февраль
2026
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
2026 жылдың 05 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 10-11 сынып білім алушыларымен Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі кәсіби бағдар беру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары туралы ақпарат берілді. ТЖБ қызметкерлері оқушыларға азаматтық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері, қабылдау талаптары, оқу тәртібі және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Аталған іс-шара білім алушыларды азаматтық қорғау саласына тартуға және кәсіби бағдар беруге бағытталды. Жауапты:Аә Байтубаев Ж. КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.


