28
январь
2022
Роза Бағланованың 100жылдық мерейтойы
Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың 100жылдық мерейтойына жоспар жасалынып, жұмыстар атқарылуда. Қаңтар айына "Қазақ ән әлемінің падишасы" тақырыбында танымдық сағаттары, "Ғасыр әншісі- Роза Бағланова" сынды тақырыптарда дәрістер өткізілуде. Роза апамыздың өмірі, еңбектері, шығармашылығы жайында оқушыларға түсіндірілуде. Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Әкесі Тәжібай бақуатты кісі болған. Ата-аналары жастайынан халық әндерін жаттатқызған. Роза Бағланованың даусы ерекше, шетелді көп аралаған КСРО әншісі болды. Әрқашанда ұлттық киімдерін талғаммен тіккізіп киген. Естеліктерде, Елизавета патшайым гастрольдеп барған орыс қыздарын көзге ілмей, бірден тікесінен Бағлановаға қарай тартыпты. Қасына келгенде: "Қазақ әйелдерінің киген киіміне қарап-ақ олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киім байлық пен талғамды аңғартады "-,депті.....Роза Бағланова майдан шебінде қойған концерттерінің құрметіне "Жауынгерлік ерлігі үшін " медалімен, үздік еңбек және шығармашылық қызметті екі Ленин, "Еңбек Қызыл Ту","Халықтар достығы ","Құрмет белгісі " және "Отан" ордендерімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атанды....