17
март
2022
Наурызым берекем, наурызым мерекем"
Бүгін, Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Наурызым берекем, наурызым мерекем" атты бата тілек сайысы ұйымдастырылды. Бата, қазыналы елімнің тілекші сөзі. Батаменен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді, - деген. Батамен жас ұрпақ көктеп, көгереді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ата-аналары қатысып, әр түрлі тақырыптағы баталарын оқушылар түсіндіріп өтті.
86 жасқа келген Үмбетәлі Дүйсен атамыз бас жүлдеге ие болып, қуанышқа бөледі. Ақылбаев Ерсайын, Айтбаев Базарбай, Нұрбаев Ербол, Қожабек Сейдахмет,Күнбасов Қанат, Айымкузов Бердібек, Шермағанбетова Жанкүміс, Күшікбаева Халима, Нұрқуатова Жаңыл, Жайлаубаева Бейсенкүл, Маханова Ханым сынды апалар қатысып, ұстаздарға, оқушыларға бата тілектерін жеткізді.