14
июнь
2021
"Тәуелсіздік ұландары" тақырыбында 11-сынып түлектерінің аттестат тапсыру іс-шарасы
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында, соның ішінде Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде "Тәуелсіздік ұландары" тақырыбында 11-сынып түлектерінің аттестат тапсыру іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты аялау, адам өмірінің маңыздылығы, патриоттизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
Осындай мақсатты басшылыққа алып биылғы оқу жылында 83- шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектептен қанат қағуда. Мектепті 6- "Алтын белгі" игерлері, 6- ерекше үздік иегерлері аяқтады. Мектеп басшысы Б.Қыстауов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж. Байтүлекова оқушыларды құттықтап, аттестаттарын табыс етті.
Оқушылар, Білім министрі Асхат Аймағанбетовтың шәкірттерге арнаған ыстық тілектерін слайд арқылы тыңдап, өздеріне өмірлік сабақ алды. Үздік оқушылар ұстаздарға, мектепке, ата-аналарына алғыстарын жеткізсе, ата-аналар рақметтерін жаудырды. Тәуелсіздікпен тұспа -тұс келген биылғы түлектердің аттестат алу кеші, әрбір шәкірттердің жүрегінде мәңгілік қалары сөзсіз. Кеш соңында ән билерін орындап, естелікке суретке түсті.
Ақ жол, шәкірттер.....