25
май
2021
"Сыңғырла соңғы қоңырау "
25 - мамыр, соңғы қоңырау мерекесі. Мектебімізде оқу жылының аяқталуына байланысты 9-11 сынып оқушыларына "Сыңғырла соңғы қоңырау " салтанатты іс шарасы болып өтті. 11жыл бойы тәлім-тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні. Мектеп қабырғасын 83 түлек аяқтағалы отыр.Оның 6- оқушысы "Алтын белгі" үміткері, 6-оқушы үздік аттестат үміткерлері. Мектеп басшысы Б.Қыстауов биылғы оқу жылының жетістіктерімен таныстырып, оқушылар мен ұстаздарды марапаттап өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Байтулекова ұжымды құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі. Оқушылар мектепке, ұстаздарға арналған ән жырларын шырқап, қуаныштарымен бөлісті. Сонымен бірге, мектебімізді осыдан 20 жыл бұрын 2001 жылы бітірген 11"в" сынып түлектері және олардың пән мұғалімдері қонаққа келді. Олар алғашқы "Қазақ сынып қарлығаштары".....Мектебімізге 20 жылдық түлектер "Жылыжай" салып берді. Келесі оқу жылында қолданатын боламыз.
Алтын белгі» үміткері Отарбай Ғазиз бен Үздік түлегіміз Ширадзе Камиль мектеп ұстаздарына өз алғыстарын білдірсе, мектеп вальсі, соңғы қоңырау сынды әндері шырқалды. Іс шара соңында 11сынып түлектері мен 20 жылдық түлектерге акт залында кездесу ұйымдастырылды. Ардагер ұстаздар: Құлтайбаева Г, Бекмурзаева А, Құрманбаева Б, Тілешова Р, Нұрбаева Г, Сейсенбаева С, Айтбаева Ш сынды ұстаздар ыстық лебіздерін жолдады.