29
март
2022
«Жомарт түлек» жобасы
Бүгін ауданымызға ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының бастауымен бірқатар нысандарды аралап, ауданымыздың жалпы ахуалымен танысты. Білім саласы бойынша # 9 В.Савва атындағы мектеп - лицейінде болып, мектептің нәтижелі жұмысымен танысты. Мектеп директоры Болатбек Қыстауов алдымен мектеп оқушыларының жетістіктерімен бөлісіп, 2019 жылы «лицей» статусын алған оқу ордасының жұмысын жетілдіру мақсатында қолға алынып жатқан әртүрлі жобалармен таныстырды. Солардың бірі – «Жомарт түлек» жобасы аясында аталмыш мектепті 2001 жылы бітірген алғашқы қазақ сыныбы түлектерінің мектеп жанынан салып берген жылыжай шаруашылығы болатын. Бұл жылыжайда қазіргі таңда 500 түп қызанақ өсіріліп, мектеп оқушыларын бақша ісін меңгеруге баулуда. 9 «А» сыныптың оқушылары Аяжан Иса мен Бекнұр Асқатұлы қызанақ өсірудің қыр-сырларымен бөлісіп, жылыжай ісін меңгеріп алғандарын көрсетті. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі шахмат үйірмесінің жұмыстары да таныстырылды.
Мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы ауданымыздағы атқарылып жатқан істерге өзінің оң бағасын берді. Бүгін ауданымызға ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының бастауымен бірқатар нысандарды аралап, ауданымыздың жалпы ахуалымен танысты. Білім саласы бойынша # 9 В.Савва атындағы мектеп - лицейінде болып, мектептің нәтижелі жұмысымен танысты. Мектеп директоры Болатбек Қыстауов алдымен мектеп оқушыларының жетістіктерімен бөлісіп, 2019 жылы «лицей» статусын алған оқу ордасының жұмысын жетілдіру мақсатында қолға алынып жатқан әртүрлі жобалармен таныстырды. Солардың бірі – «Жомарт түлек» жобасы аясында аталмыш мектепті 2001 жылы бітірген алғашқы қазақ сыныбы түлектерінің мектеп жанынан салып берген жылыжай шаруашылығы болатын. Бұл жылыжайда қазіргі таңда 500 түп қызанақ өсіріліп, мектеп оқушыларын бақша ісін меңгеруге баулуда. 9 «А» сыныптың оқушылары Аяжан Иса мен Бекнұр Асқатұлы қызанақ өсірудің қыр-сырларымен бөлісіп, жылыжай ісін меңгеріп алғандарын көрсетті. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі шахмат үйірмесінің жұмыстары да таныстырылды.
Мемлекеттік инспекторы Кенжеахметов Ғали Қуанұлы мектептің жұмысына өзінің оң бағасын берді.