Алғашқы қазақ қарлығаштары » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
25
май
2021

Алғашқы қазақ қарлығаштары


     Тәуелсіздік - елімнің ертеңі.  Бұл шындық. Оның дәлелі 1991 жылы Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылды. Тәуелсіздік пен қатар мектеп табалдырығын аттаған қазақ қарлығаштарында, олардың ата-аналарында сол кездегі  қуаныш шексіз еді.1990-1991 жылдарға дейін,  мектептерде орыс тілі басым, қазақ тілі жоқтын қасы болатын.... Мектепке, сол жылы  бірінші сынып табалдырығын 42 қазақ балалары аттаған еді. Оның өзі бір сыныпқа сыйып, білім алған болатын. Сол, алғашқы қазақ қарлығаштары бүгінде ел  ағалары. Еліміздің өркендеуіне аянбай,  өз үлестерін қосуда. 
     Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың берілген  тапсырмасы негізінде қазіргі таңда жүргізіліп жатқан "Жомарт түлек" акцияның мақсаты ерекше. Әр түлек өз туған жеріне, білім алған алтын ұя мектебіне өз  мүмкіндігінше қолдау көрсету керек екені жан-жақты түсіндіріліп, іске асуда. 
      Сол істің дәлелі кешегі соңғы қоңырау мерекесіне 20 жылдан кейін,  ұстаздарымен бірге мектепке, алғашқы қазақ түлектеріміз оралды. Жүздері қуанышқа, құшақтары гүлге тола келген шәкірттер, сағынышпен балалық кездерін еске алуда. Олар биылғы мектеп қабырғасын аяқтап жатқан оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, ағалық ақылдарымен бөлісті. Алғашқы  ұстаздары:  Бекмурзаева Азимкүл, Булбул Курманбаева, Райхан Тилешова,  Гульмира Култайбаева, Сериккуль Сейсенбаева, Шугыла Айтпаева, Ниеткали Конкабаев, Гулбазар Аскарбаева, Нурипа Боштаева , Дамира Абуталиева,  сынды майталман ұстаздар болатын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Құлтайбаева Гүлмира алғашқы  сынып жетекшілері еді. Ұстаздың бойындағы  ұқыптылық пен терең білім, қазақилыққа тән қасиеттер сол кезден бастап, әр баланың бойынан табыла  білді. Соның нәтижесінде көптеген оқушылары  ұстаздық жолын таңдаса, бірі танымал журналист, бірі жеке кәсіпкер  болып халыққа қызмет етуде. Сол, 20 жылдық түлектер балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, еңбекке баулу мақсатында  мектебімізге "Жылыжай" бақшасын салып берді. Мұның өзі де өнегелі іс. Ұрпаққа берері көп, тәлім - тәрбиесі  мол, игілікті жұмыс....




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив