21
апрель
2022
«Ағаштар неге ашуланды»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 14.04.2022 ж күні 2 «А» сынып мұғалімі Масатбаева Айдана әдебиеттік оқу пәнінен «Ағаштар неге ашуланды» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақта «Конверттегі сұрақ», «Ой толғаныс», «Кім жылдам», «Сиқырлы қалпақ» әдістері қолданылды. Оқушылар жұптық,топтық, жеке жұмыстар орындады.Ағаштар туралы бейне жазбадан мәліметтер ала отырып,сұрақтарға жауап берді.Топтық жұмыста мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар құрастырып, ағаштардың пайдасы туралы жазып,мақал-мәтелдер айтты.Балалар зерттеу тапсырмасы бойынша ағаштар туралы жинаған мәліметтерін ортаға салды.Оқушылармен «Сиқырлы қалпақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.