14
февраль
2022
7 «А» сыныбында «Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі» тақырыбында ашық сабақ
Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде мектепішілік жоспарға сәйкес Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы (тарих,өзін-өзі тану) пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығы өтуде. 14 ақпан күні 7 «А» сыныбында «Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында сынып оқушылар 3 топқа бөлініп, «Кім жылдам» , «Ойлан- жұптас –бөліс» әдістерін қолдану арқылы және де «Ақиқат –жалған», Венн Диаграммасы, «Кім?, Не?, Қашан?, Қайда?, Неге?» тапсырмаларын орындау барысынды белсенділік танытып өз білімдерін көрсе білді. Мәтінмен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс түрлері жүргізілді. Әр тапсырмадан кейін бағалау жүргізіліп, ауызша кері байланыс үдерісі жүріп отырды.