21
ноябрь
2022
"Білім дариясының кемеңгері"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 қарашасында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай "Білім дариясының кемеңгері" атты оқушылар арасында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
Дебаттың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін өз мақсаттарына сай қолдану, оқушының ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту, ізденуге үйрету.
Дебат ойыны оқушыларды көшбасшылық қасиетке баулиды. Оқушы өзін топ алдында еркін ұстауды үйренеді, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге дағдыланады.Турнирге 6 фракция қатысты. Аталған тақырып бойынша фракция спикерлері өз пікірлерін айтып, аргументтерін жүйелі түрде қорғай алды.
Турнир қорытындысы:
"Альфа" фракциясы Бас жүлде;
"Медиум" фракциясы І орын;
"А2" фракциясы II орын;
"Smart Teenagers" фракциясы III орын;
"Динамит" фракциясы "Үздік кейс" номинациясы;
"DD" фракциясы "Үздік сараптама" номинациясымен марапатталды.
Дебат- ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын дарындылар ойыны!