22
октябрь
2021
"Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа қосылуы"
Ағымдағы жылдың 22 қазанында Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде сыныптан тыс іс-шара пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Дебатқа 2 фракция қатысты: Үкімет фракциясы - "Жалын", оппозиция фракциясы - "Болашақ". Үкімет фракциясының премьер-министрі - Шонаева Кенжегүл, екінші спикері- Мамай Саламат. Оппозицияның бірінші спикері - Таджи Жанерке, екінші спикері- Насиратдинова Құралай. Дебат тақырыбы: "Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа қосылуы". Дебаттың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін өз мақсаттарына сай қолдану, оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру. Аталған тақырып бойынша фракция спикерлері өз аргументтерін айтып, пікірлерін дәлелдей алды. Нәтижесінде оза шапқан "Жалын" фракциясы І орын, "Болашақ" тобы ІІ орынды иеленді.