28
декабрь
2022
34 миллион көлеміндегі грантқа алынған жаңа оқу-әдістемелік іске қажетті заманауи құрал-жабдықтарды салтанатты табыстады
2022 жылдың 27 желтоқсан күні Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы «Үздік ұйым» байқауында жеңімпаз атанған Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіне берілген 34 миллион көлеміндегі грантқа алынған жаңа оқу-әдістемелік іске қажетті заманауи құрал-жабдықтарды салтанатты табыстады.
🔹Салтанатты жиын барысында білім бөлімі басшысы мектептің оқу-ағарту саласындағы жетістіктерін атап өтіп, ұстаздарға ерекше құттықтауын жеткізді.
🔹Аудандық әдістемелік кабинетінің жетекшісі Бопиева Сапаркүл Тұрғанбайқызы мектепті үлкен нәтижеге жетуімен құттықтады.
🔹Мектеп-лицейінде оқу кабинеттері көпфункциялы интерактивті панельдермен қамтамасыз етілді.
🔹Мектеп АКТ залында көлемді жоғары сапалы LED экран қойылды.
🔹Мектеп атауының ауысуына байланысты ашылған жаңа конференц залға арналған жиһаз бен үстел микрофондары, залға арналған үстел, орындықтар алынды.
🔹Балаларға арналған киім шкафтары жаңартылды. 🔹Мектепте тігін үйірмесіне арналып жаңа тігін машиналары алынды.
🔹 Сонымен бірге принтерлер, ноутбук және мониторлардың саны толықтырылды.
🔹Жиын соңында Айгерім Аханқызы мектеп-лицей директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлын «Жылдың үздік жұмыс берушісі» дипломымен марапаттады.
https://www.instagram.com/p/CmrfxNYsgRI/?utm_source=ig_web_copy_link