
2022 жылдың 7 желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде "Өз елімнің табиғаты" тақырыбындағы суретшілер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты:

Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие деңгейін арттыру;

Туған елдің табиғатына аса қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау;

Шығармашылық әрекетке тарту, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.
Байқауға 4-11 сынып оқушылары қатысты.

Байқау жұмыстары 2022 жылдың 15 желтоқсанға дейін қабылданды. Байқау екі кезең бойынша өткізілді.

бірінші кезең- іріктеу кезеңі мектебімізде оффлайн түрде 2022 жылдың 15 желтоқсанда өткізілді.

екінші кезең- қорытынды кезең 2022 жылдың 20 желтоқсанында өткізіледі. Бұл кезеңге бірінші кезеңнің үздік деп танылған жеңімпаздарынан 6 қатысады. Жеңімпаздарды @eсoclub_byauezov.lyceum инстаграм парақшасында жариялап, ең көп лүпіл жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.
Жеңімпаздар I, II, III жүлделі орындармен марапатталады. Экоклуб ұйымының бағалы сыйлықтар табысталады. Жеңімпаз жұмыстары @eсoclub_byauezov.lyceum инстаграм парақшасында жарияланады.
Қосымша сауалдар үшін: Эко клуб төрайымы +77773350765