17
февраль
2023
«Қазіргі кездегі адам ағзасына кері әсер ететін өнімдер» пікірсайыс
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- лицейі » коммуналдық білім мекемесінде 10-11- сыныптар арасында қаңтар айында «Қазіргі кездегі адам ағзасына кері әсер ететін өнімдер» пікірсайысы өтті. Мақсаты:1.Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға, сабақ кезінде денсаулыққа кері әсер ететін тағамнан гөрі бір мезгіл ыстық тағамның пайдасы туралы ой бөлісу. «Дені сау бала әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты ұрпақ халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деп түсіндіре отырып, пікірсайсымыз төмендегі бөлім, аялдамалардан тұрды. I. “Мың бір хадис” аялдамасы II. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап аялдамасы
III. “ Жағдаяттар” аялдамасы IV. “Ұлы ғұламалар елі” аялдамасы V. “Мені жалғастыр” ойыны
VI. “ Өмір театр” көрініс VII. “Сөзтізбек” аялдамасы VIII. Білгенге маржан айдары. 10-11 сыныптардан төрт топ сайысқа қатысты. Олар аталған бөлімлер бойынша өз пікірлері мен тұжырымдарын ортаға салды. Топ басшылары қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болатынын,олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болатынын айтып бір-бірлеріне ақыл кеңестерін айтты..
Қорытындылай келгенде ,Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық